Жолдау ауыл шаруашылығында жасанды интеллектіні кеңірек қолдануға жол ашады

04.11.2026 15:54

Ғалымдар су қорын барынша тиімді пайдалануға да көп көңіл бөлу қажет екенін айтады

Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі

Замандық технологияларды қолдану арқылы ауыл шаруашылығын дамыту ел экономикасын нығайтудың негізгі факторының біріне айналуы мүмкін. ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Білім беру ғылымдары мен қоғамдық даму орталығының жетекшісі Жеңісбек Төлен президент жолдауы аясында су қорын тиімді пайдалану мен аграрлық салаға жасанды интеллектіні енгізудің маңыздылығы туралы айтып өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Спикердің айтуынша, ауыл шаруашылығын дамыту үшін жаңа технологияларды енгізумен қатар, су қорын барынша тиімді пайдалануға да көп көңіл бөлу қажет екен. Суды тиімсіз пайдалану Орталық Азиядағы су тапшылығы мәселесін одан әрі ушықтырып жіберуі әбден мүмкін.

«Ауыл шаруашылығын дамыту арқылы мемлекет экономикасын нығайта аламыз. Ол үшін су ресурсын, соның ішінде жасанды интеллектіні қолдану арқылы тиімді пайдалану қажет. Суды бақылаусыз тұтыну Орталық Азияда су тапшылығына алып келуі мүмкін. Бұл біздің өңір үшін қазір аса маңызды мәселенің бірі болып отыр», – деп түйіндеді сөзін Жеңісбек Төлен.

Ол сондай-ақ Ұлттық ғылым академиясы жанында Қытай тарапымен бірлесіп, су ресурсын басқару тиімділігін арттыруға сеп болатын «ДИПБАС» жасанды интеллект платформасын енгізу жұмысы басталғанын хабарлады.

Оқи отырыңыз: Ұлттық орталық музей инклюзивті ортаны дамыта бастады

Толық көрсету