Жүк тасымалымен келген есірткі: Ақтауда 33,5 келі марихуана тәркіленді

29.06.2026 15:35

Ақтауда 41 жастағы азамат 33,5 келі марихуана салынған сәлемдемемен ұсталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Операцияны БҚО-ның полицейлері Маңғыстаулық әріптестерімен бірлесіп жүргізген. Тергеу мәліметінше, күдікті Жамбыл облысынан еліміздің батыс өңірлеріне есірткі жеткізу арнасын ұйымдастырыпты. Заңсыз заттар жүк тасымалдау қызметі арқылы қарапайым сәлемдеме ретінде қораптарға салынып жөнелтілген. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз: Taza Tandau Fest: Алматы жастары салауатты өмір салтын қолдады