Кеш барысында вокал, күй өнері және театрландырылған қойылым қойылып, ұлттық құндылықтар дәріптелді
Алматыда «Адал азамат» тәрбие бағдарламасы аясында «Жұлдызды сәт» гала-концерті өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Оған қаладағы мектеп оқушылары мен кәсіби өнер орталықтарының шәкірттері қатысты. Жүсіпбек Елебеков атындағы колледж бен Абай атындағы ұлттық университеттің ұйымдастырған шара жас таланттардың үлкен сахнада бақ сынап, болашағын айқындауға мүмкіндік береді. Кеш барысында вокал, күй өнері және театрландырылған қойылым қойылып, ұлттық құндылықтар дәріптелді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай мәдени жоба өскелең ұрпақтың эстетикалық талғамын арттырып, кәсіби білім мен өнерді ұштастырудың озық үлгісіне айналды
«Негізгі мақсатымыз – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, дәстүрлі өнерді оқушылардың бойына дарыту.Балалардың үйірмеде алған білімі, олардың өнерге деген құштарлығы, өнерге деген құрметі кеште үлкен көрініс тауып отыр», – деді Ш. Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназиясының директоры Айымгүл Иманғалиева.
Оқи отырыңыз: Бекнұр Қисықовтың «Тұзды көлдердің әні» романы оқырманға жол тартты