Қаламгердің 75 жылдық мерейтойына орай кітап көрмесі де ұйымдастырылды
Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті жазушы Жұмабай Шаштайұлының төрт томдық толық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Ведомство мәліметінше, іс-шарада қаламгердің 75 жылдық мерейтойына орай «Жылдар мен жолдар…» атты иллюстрациялық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ жазушының өмірі мен шығармашылық жолына арналған бейнеролик көрсетіліп, туындыларына шолу жасалды.
«Іс-шараға жазушының әріптестері, әдебиеттанушылар, қоғам қайраткерлері, мәдениет және өнер саласының өкілдері, студенттер мен оқырмандар қатысты. Жинақта жазушының жылдар бойы жазған қазақы болмыс, ұлттық құндылық, адамгершілік мәселелері мен өмір шындығы көркем бейнеленген», - делінген хабарламада.
Кітап 3 000 дана таралыммен жарық көріп, еліміздегі жалпыға бірдей қолжетімді кітапханаларға таратылды.
Оқи отырыңыз: ХОК 2028 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеудің алғашқы ережелер жиынтығын бекітті