Жұмыс берушілер қазақстандықтарға қосымша үш күндік демалысқа ақы төлеуге міндеттеледі

14.05.2026 13:56

Демалысты ұсынбаған жұмыс берушілер жауапкершілікке тартылады

Almaty.tv

Сенаторлар еңбек заңнамасын жетілдіруге бағытталған түзетулерді мақұлдады. Жаңа нормалар қызметкерлердің құқықтарын қорғауды күшейтуге, еңбек қауіпсіздігін арттыруға және әлеуметтік әріптестікті дамытуға бағытталған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Заңның негізгі ережелеріне сәйкес, өңірлік деңгейдегі әлеуметтік әріптестік пен еңбек қатынастары тараптарының өзара іс-қимылы күшейтіледі. Сонымен қатар әлеуметтік әріптестік аясындағы келісімдердің орындалуы жөніндегі есептерді тыңдау міндеті енгізіледі. Сондай-ақ медициналық ұйымдар цифрлық технологиялар арқылы қызметкерлердің скринингтік тексерулерден өту қажеттілігі туралы жұмыс берушілерге хабарлайтын болады.

Жұмыс берушілер қызметкерлерге скринингтік зерттеулерден өту үшін жұмыс орны мен орташа жалақысын сақтай отырып, уақыт беруге міндеттеледі. Мұндай демалысты ұсынбаған жұмыс берушілер жауапкершілікке тартылады. Бұдан бөлек, қызметкерлердің құқықтары еңбек саласында жеке өмірді қорғау, ар-намыс пен қадір-қасиетті құрметтеу нормаларымен толықтырылады.
Заңға сәйкес, жұмыс берушілер еңбек жағдайларының қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарына сай болуын қамтамасыз етуге міндетті болады.

Оқи отырыңыз: Сенат заң мақұлдады: «Al-Farabi», «Qoja Ahmet Yassaui», «Мейірім» ордендері қосылды