Сотқар балалардың ата-аналары жауапкершілікке тартылады
Қарағанды облысында жасөспірімдер жерге жығылып құлаған ер адамның үстіне пиротехникалық зат лақтырып жіберген, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқиға Сұрыптау кентіндегі көшелердің бірінде болған. Енді сотқар балалардың ата-аналары жауапкершілікке тартылады. Тәртіп сақшылары зардап шегуші мен бұзақы жеткіншектерді іздестіріп жатыр. Полиция қызметкерлері бұл тәртіпсіздікті әлеуметтік желілерге мониторинг жасау барысында анықтаған.
«Қарағанды облысының Полиция департаменті балалардың мұндай әрекеттері қоғамдық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіріп, айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіруі мүмкін екенін қатаң ескертеді. Қоғамдық тәртіпті бұзып, азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндірген жасөспірімдердің іс-әрекеті үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес. олардың ата-аналары немесе заңды өкілдері жауапкершілікке тартылады», – деді Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.
Оқи отырыңыз: Алматының 2030 жылға дейінгі даму жоспары таныстырылды