Жыл соңына дейін тағы 10 өңірде цифрлық кеңсе ашылады - Жаслан Мәдиев

06.10.2026 14:38

Қазақстанда халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс форматын өзгертіп жатыр

Қазақстанда халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс форматын өзгерту қарқынды жалғасып жасыр. Қазір 4 өңірде 5 цифрлық кеңсе іске қосылған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жыл соңына дейін тағы 10 өңірде осындай орталықтар ашылмақ. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі айтты.

Жаслан Мәдиевтің сөзінше, енді азаматтар сағаттап кезекте тұрмайды, барлық қызметті онлайн ала алады. Ал цифрлық кеңселерде өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы болады. Сондай-ақ құжаттандыру құрылғысы мен GPT сандық көмекшісі енгізілген терминал орнатылады. Ал егер сұрақтар туындаса, кеңесші көмектеседі.

Айта кетейік, жыл соңына дейін eGov GPT арқылы қолжетімді қызметтер санын 51-ден 150-ге дейін арттыру жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз: Алматыда креативті индустрия көлемі 672 млрд теңгеге жетті

Толық көрсету