«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына онлайн дауыс беру басталды

11.10.2026 15:35

Биыл сыйлық волонтерлік қызметтің түрлі бағытын қамтитын 15 аталым бойынша табысталады

Depositphotos.com

10-19 қазан аралығында Qazvolunteer.kz бірыңғай онлайн платформасында «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының алғашқы кезеңі – онлайн дауыс беру өтеді. Техникалық іріктеу нәтижесінде 235 үміткер байқауға қатысып жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Мемлекет басшысының бастамасымен тағайындалған сыйлық қоғамға пайдалы әрі әлеуметтік маңызы бар істерге үлес қосқан волонтерлерге, волонтерлік топтарға, волонтерлік ұйымдарға және халықаралық ұйымдарға беріледі.

Алты жыл ішінде Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресейден 297 волонтер аталған сыйлықтың иегері атанды.

Биыл сыйлық волонтерлік қызметтің түрлі бағытын қамтитын 15 аталым бойынша табысталады. Олардың қатарында әлеуметтік жобалар, білім беру, жануарлар мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бастамалар бар.

Дауыс беруге кез келген адам қатысып, өзі таңдаған волонтерге қолдау көрсете алады.

Оқи отырыңыз: Жылыту маусымында тұрғындар нені ескеруі керек

 

 

Толық көрсету