Жылу беру маусымы жоспарға сәйкес басталды: Премьер-министр әкімдіктердің жұмысына назар аударды
depositphotos
Бүгінде жылу 11 өңірде беріле бастады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Бір өңірден басқасының бәрі тапсырманы мерзімінде орындады: облыс әкімінің орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тарту тапсырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі UKIMET-ке сілтеме жасап.
Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс жылыту маусымына дайындық барысы қаралды. Бүгінде жылу 11 өңірде беріле бастады.
«Жылыту маусымы жоспарға сәйкес басталды. Оңтүстік және батыс өңірлерде жылу бекітілген кестеге және ауа райы жағдайына байланысты беріледі. Мен жылу көздері мен желілердің дайындығын 1 қазанға дейін қамтамасыз етуді тапсырған болатынмын. Бір өңірден басқасының бәрі бұл тапсырманы мерзімінде орындады»,
— деп атап өтті Олжас Бектенов.
Тек Семей қаласында жылу желілері уақтылы дайын болмай шықты. Осыған байланысты Премьер-министр Абай облысы әкімінің аталған салаға жетекшілік ететін орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
29.10.2026 08:10
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
30.10.2026 08:10
Адам жанына жайлы қала: Алматы қалай көркейіп келеді
29.10.2026 18:30