Жылу желілерін диагностикалау үшін жасанды интеллект қолданылуы мүмкін

Depositphotos
Depositphotos

Негізгі міндеттер – әуе желілерін дефектоскопиялау және жылу желілерін ішкі диагностикалау

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай жүйесін (EnergyTech) енгізу барысы туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Сонымен қатар жасанды интеллектіге ерекше назар аударудамыз. Енгізіліп жатқан құралдар өз тиімділігін тәжірибеде дәлелдеп отыр. Нарық өкілдерімен бірлесіп, саланың қажеттіліктерін анықтап, ЖИ қолданудың нақты сценарилерін пысықтап жатырмыз. Негізгі міндеттер – әуе желілерін дефектоскопиялау және жылу желілерін ішкі диагностикалау. Бұл технологиялар адам көре алмайтын жасырын зақымдарды анықтауға мүмкіндік беріп, жөндеу шығындарын едәуір азайтады. Экономикалық әсері ондаған млрд теңгеге жетеді", – деп атап өтті Ерлан Ақкенженов.

Оқи отырыңыз:Өткен жылы 95 елдімекенде 350 мың адам газбен қамтамасыз етілді

Новости партнеров