Токио 2020: Қазақстанның тхэквондо шеберлері жарысты жеңіспен бастады

27.07.2021 15:25

80 келіден жоғары салмақта сынға түскен Руслан Жапаров Олимпиаданы сәтті бастады

olympic.kz

Токио Олимпиадасында тхэквондодан бәсекелер өтіп жатыр. 80 келіден жоғары салмақта сынға түскен Руслан Жапаров Олимпиаданы сәтті бастады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Ол алғашқы айналымда Германия спортшысы, 2017 жылғы әлем чемпионы Александр Бахманды 11:6 есебімен ұтты.

Руслан Жапаров келесі айналымда Оңтүстік Корея өкілі Кио Дон Инмен кездеседі.

Сондай-ақ, тхэквондошы Жансель Дениз 67 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен ол бірінші кездесуін өзбекстандық спортшыға қарсы өткізді. Екеуара кездесу 10:9 есебімен  Жансельдің еншісіне шешілді.