Боксшы Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының қола медалін алды

07.08.2021 17:43

Олимпиаданың қола медалін мойнына таққаннан кейін спортшы әсерімен бөлісті

Токиода бокстан 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Олимпиада ойындараның жеңімпазы мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі  Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосыновқа Олимпиада ойындарының қола жүлдесі табысталды. Олимпиаданың қола медалін мойнына таққаннан кейін спортшы әсерімен бөлісті.

«Арманым көк байрағымызды көкке желбірету еді. Сол үшін де бар күшімді салдым. Негізі алтын медаль аламын деп ойладым, бірақ бұйырғаны қола медаль болды. Кішкене өкініш бар, десе де осы жарыс менің ерік-жігерімді қамшылай түсті. Келесі жарыстарда елімнің маған артқан сенімін ақтаймын деген ойдамын», - деді Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов.