Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1- компонентін 5 692 340 адам алған
Қазақстанда вакцинаның екі компонентін толық алғандар саны 4 311 887 жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram парақшасындағы мәлімет бойынша, 6 тамызда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1- компонентін 5 692 340 адам, 2- компонентін 4 311 887 адам салдырған.