Грек-рим күресі: Демеу Жадыраевтың алғашқы қарсыласы анықталды
Olympic.kz
Жеребе нәтижесі бойынша ол алғашқы айналымда жапониялық Сохей Ябикумен белдеседі
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Грек-рим күресінен Олимпиада ойындарының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Olympic.kz сілтеме жасап.
Ертең, 2 тамыз күні грек-рим күресінен 77 келі және 97 келіге дейінгі салмақтарда, ал әйелдер күресінен 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі балуандар арасында өзара мықтылар анықталады.
77 келіде Қазақстан сапынан Демеу Жадыраев сынға түседі. Жеребе нәтижесі бойынша ол алғашқы айналымда жапониялық Сохей Ябикумен белдеседі.
Айта кетелік, бүгін бозкілемге шыққан Мейрамбек Айнағұлов Токио Олимпиадасының бірінші кезеңінде ұтылды. Ол қырғызстандық Жоламан Шаршенбековке есе жіберді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10