|
05.08.2021 | 14:48
5149

Токио 2020: Мөлдір Жаңбырбай мысырлық қарсыласын жеңді

Ол каратэ-додан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, көпдүркін ҚР чемпионаттарының, спартакиадалардың, халықаралық жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері

Токио 2020: Мөлдір Жаңбырбай мысырлық қарсыласын жеңді пресс-служба НОК Казахстана, Владислав Семенов

Токио Олимпиадасында қазақстандық Мөлдір Жаңбырбай (55 келі) каратэ-додан жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Айта кетсек, Мөлдір Жаңбырбай В тобында сынға түседі. Қарсыластары - украиналық Анжелика Терлюга, жапониялық Михо Мияхара, австриялық Беттина Планк және мысырлық Радван Сайед. 

Мөлдір Жаңбырбай 1997 жылдың 18 мамырында дүниеге келген. Ол каратэ-додан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, көпдүркін ҚР чемпионаттарының, спартакиадалардың, халықаралық жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері. Қазақстандық спортшы түрлі жас деңгейінде 3 дүркін Азия және 3 дүркін әлем чемпионы, Әлем кубогының иегері. Ол алғашқы жекпе-жегінде египеттік Радва Сайедпен шеберлік байқасты. Кездесу тартысты өтті. Алғашқы сәттерде қазақстандық спортшының басымдығы байқалып тұрды. Мөлдір Жаңбырбай алғашқы кездесуін сәтті өткізді. Алда әлі үш кездесуі бар. Радва Сайед 1997 жылдың 30 мамырында дүниеге келген. 2016 жылы әлем чемпионатында қола алса, Африка ойындарында 2015 жылы қола, 2019 жылы күміс жүлдегер болды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир