|
05.08.2021 | 15:03
4870

Вакцина алған студенттерге шетелде демалуға жолдама беріле бастады

Сыйлықтардың арасында жылдық оқу ақысына жеңілдік, ақшалай сыйақы, фитнес-зал мен бассейнге тегін абонемент, ағылшын тілі курстарына сертификаттар бар

Вакцина алған студенттерге шетелде демалуға жолдама беріле бастады gov.kz

Жоғары оқу орындарының вакцина салдырған студенттері мен оқытушылары акцияларға қатысып, сыйлық ала бастады. Мәселен, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері мен оқытушылары арасында Ыстықкөлге жолдама ойнатылды. Нәтижесінде 40 студент пен оқытушы жаңа оқу жылы қарсаңында демалысқа жолдама алды. Акция алдағы уақытта да жалғасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі  ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚазҰУ вакциналанған жастарға студенттер үйінде тұруға жеңілдік, тегін тамақтану талондары, жол ақшасының қосымша төлемдері, тіл оқыту курстарына сертификаттар және тағы басқа сыйлықтар беріледі.

«Мен құрдастарымның арасында алғашқылардың бірі болып вакцина салдырдым. Өйткені барлық студент коронавирусқа қарсы вакцина алуы керек деп санаймын. Ең алдымен, өзінің және жақындарының денсаулығын қорғауы керек. Дегенмен университеттегі осындай акциялар да вакцина алуға ынталандырды»,  – дейді ҚазҰУ студенті Ақнұр Шайдуалина.

Бүгінгі таңда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқытушылар құрамының жартысы және 18 жастан асқан 4 мыңнан астам студент егілді.

Акция басқа отандық жоғары оқу орындарының студенттері арасында да өткізілді. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің вакцина алған студенттеріне жылдық оқу ақысына жеңілдіктер, Қапшағайға жолдама, ақшалай сыйақы, ағылшын тілі курстарына және дүкеннен кітап сатып алуға сертификаттар берілді.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті «Вакцина ал да, жүлде иегері бол!» акциясын ұйымдастырды. Жоғары оқу орнының вакциналанған қызметкерлері мен студенттері Нұр-Сұлтан қаласына және жазғы лагерьлерге жолдама, фитнес-зал мен бассейнге тегін абонемент, сондай-ақ университет жатақханасында тұруға жеңілдік алды.

Қызылорда университетінде қызметкерлердің 90%-ға жуығы және студенттердің жартысынан көбі коронавирусқа қарсы вакцина салғызған.

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде студенттер арасында ақшалай сертификаттар ойнатылып, 50 студент 15 мың теңге ұтып алды.

Алдағы уақытта мұндай акциялар басқа жоғары оқу орындарында да өткізіледі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир