Зүлфия Чиншанло Олимпиададан үшінші қола медальді жеңіп алды

26.07.2021 23:33

Чиншанло 55 келіге дейінгі салмақта сынға түсті

Olympic.kz

Қазақстандық ауыратлет Зүлфия Чиншанло Токио Олимпиадасында қола медаль иеленді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Чиншанло 55 келіге дейінгі салмақта сынға түсті. Қазақстандық спортшы жұлқа көтеруде 90 келіні еңсерді. Кейін екі мәрте 93 келіні көтерген, бірақ төрешілер оны есепке алмады. Сондықтан алғашқы жаттығудан кейін ол 7-орында тұрды. Ал, серпе көтеруде спортшымыз 123 келіні бағындырды. Екі жаттығу қорытындысы бойынша 213 ұпай жинады.

Осылайша, Зүлфия Чиншанло Токио Олимпиадасында қола медаль иеленді. 

Еске салайық, бұл Токио Олимпиадасында Қазақстан қоржынына түскен үшінші қола жүлде. Бұған дейін дзюдошы Елдос Сметов пен ауыратлет Игорь Сон қола медаль иеленген еді.