Токио Олимпиадасы: Алматылық Милад Карими спорттық гимнастикадан үш жаттығу бойынша финалға шықты
Olympic.kz
Ол гимнастикалық кермедегі жаттығу бойынша іріктеуде 14.766 ұпай жинап, екінші нәтиже көрсетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Токио Олимпиадасында спорттық гимнастикадан іріктеу турнирі аяқталып, финалға өткен спортшылар есімі белгілі болды. Олардың қатарында қазақстандық Милад Карими де бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Милад Карими үш жаттығу бойынша финалға жолдама алды.
Ол гимнастикалық кермедегі жаттығу бойынша іріктеуде 14.766 ұпай жинап, екінші нәтиже көрсетті.
Еркін жаттығуда 8-ші орын иеленіп, финалға жолдама алды. Сондай-ақ, көпсайыс бойынша 20-шы орынға тұрақтап, Токио Олимпиадасының финалдық кезеңіне өтті.
Осылайша, қазақстандық гимнаст үш финалда бақ сынайды. Көпсайыстан финалдық сын 28 шілдеге, еркін жаттығудан финалдық бәсеке 1 тамызға, гимнастикалық кермедегі финал 3 тамызға жоспарланған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
16.09.2026 20:00
Алматыда 14-20 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
17.09.2026 09:04
17 қыркүйекке арналған валюта бағамы
17.09.2026 09:17
16 қыркүйекке арналған валюта бағамы
16.09.2026 09:37