Олимпиадада алтынға қол жеткізген Ресей құрамасына қатысты шу шықты

© Sputnik / Владимир Песня / Фотобанкке өту
© Sputnik / Владимир Песня / Фотобанкке өту
Турнирге қатысушылардың бірінің сынамасынан күдікті зат табылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ресейлік мәнерлеп сырғанаушылар Бейжің Олимпиадасында командалық жарыста жеңіске жетті. Олардың қорындағы ұпай америкалықтардан 9 баллға артық, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сегізінші ақпанда медальді беру салтанаты өтуге тиіс болған. Алайда оны турнирге қатысушылардың бірінің сынамасынан күдікті зат табылғандықтан кейінге шегерді.

Спортшының нақты қай құрамадан екені белгісіз. Бұл туралы әзірге ресми мәлімет таратылған жоқ. Ол Ресейдің, АҚШ-тың немесе Жапонияның спортшысы болуы мүмкін.

Батыстағы БАҚ өз дереккөздеріне сілтеме жасап, оның ресейлік спортшы екенін жазуда.

Сонымен қатар сынамада ненің анықталғаны да белгісіз. Өйткені допинг үшін спортшы жарыстан бірден шеттетіледі.

Алайда ресейліктерді сайыстан шеттету туралы бірде-бір хабарлама болған жоқ. Конькимен жүгірушілердің халықаралық одағындағылар жағдайды жуық арада шешуге тырысып жатқандарын ғана айтқан. Алайда одақтың кеңесі осымен екінші тәулікке созылды.

Ресейлік бапкерлер мен шенеуніктер, сонымен қатар президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Конькимен жүгірушілердің халықаралық одағының шешімін күтуге шақырды.

Дереккөз: Sputnik

Новости партнеров