Әділ Ғалиахметов Бейжің Олимпиадасында үздік сегіздікке енді

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Аталған қашықтықта Олимпиада чемпионы атағын Оңтүстік Корея өкілі Хван дэ Хон жеңіп алды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бейжің Олимпиадасында шорт-тректен 1500 метрге жарысудан ерлер арасындағы жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Бұл бәсекеде қазақстандық Әділ Ғалиахметов те бақ сынаған болатын. 23 жастағы оралдық спортшы әлем мықтыларымен бір қатарда өнер көрсетіп, сегізінші орынға табан тіреді.

Аталған қашықтықта Олимпиада чемпионы атағын Оңтүстік Корея өкілі Хван дэ Хон жеңіп алды.

Күміс медальді канадалық Стивен Дюбуа, қола медальді ресейлік Семен Елистратов иеленген.

Айта кетелік, бұл қазақстандық Әділ Ғалиахметов үшін үлкен жетістік. Әділ ересектер арасындағы Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысып, бірінші мүмкіндігінде-ақ финалға жолдама алды.

Новости партнеров