Қарағандыда мүгедектің атынан екі несие рәсімдеген алаяқ ұсталды
polisia.kz
Ол жасаған қылмысын толықтай мойындады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қарағандыда I топтағы мүгедектің атына екі несие рәсімдеген алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.
36 жастағы жәбірленуші полицияға өзі алмаған екі несиені төлеуге мәжбүр болып жатқанын айтып арызданған.
Полицейлер көмек көрсетемін деген сылтаумен жәбірленушіден ұялы телефонын сұрап, кейін оның жеке деректерін пайдаланып, интернет-қосымша арқылы жалпы сомасы 340 000 теңге болатын екі тауарлық несие алған алаяқты ұстады. Ол жасаған қылмысын толықтай мойындады.
Ұсталған азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
02.10.2026 10:15
Алматыда Халықаралық қарттар күніне арналған фестиваль өтті
01.10.2026 20:15