|
05.03.2022 | 11:46
987

Қысқы Паралимпиада-2022: алғашқы бәсеке жеңімпаздары анықталды

Қысқы Паралимпиада-2022: алғашқы бәсеке жеңімпаздары анықталды inform.kz

Бейжіңде басталған 2022 жылғы Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшылардың қатысуымен алғашқы жарыстар өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ел құрамасынан Сергей Усольцев пен Ербол Хамитов отырып сырғанаудан спринтерлік бәсекеде жарыс жолына шықты.

Нәтижесінде С.Усольцев 15-орынды місе тұтты. Оның жеңімпаздан қалып қойған көрсеткіші - 3:09.4. Ал Е. Хамитов 16-орын алды. Көрсеткіші - +3:29.1.

Аталған сайыста қытайлық Лю Цзи Сю мәре сызығын бірінші болып қиды. Одан кейінгі орындар украиналық Тарас Рад пен тағы бір қытайлық Лю Мэнтаоға бұйырды.

Айта кетсек, бүгін түрегеп сырғанауда тағы бір қазақстандық Александр Герлиц 6 шақырымдық жарысқа шығады.

Бұдан кейін қазақстандық спортшылар 6, 8, 11, 12, 13 наурыз күндері айтулы аламанда бақ сынайды.

Еске салсақ, XIII қысқы Паралимпиада ойындарында ел намысын Сергей Усольцев, Александр Герлиц, Ербол Хамитов, Денис Петренко мен Юрий Березин қорғайды.

Қазақстан спортшылары Паралимпиада ойындарына 1994 жылдан бері тұрақты түрде қатысып келеді. Бүгінгі күнге дейін ел қоржынына 1 алтын, 1 күміс медаль түсті.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир