Қытай астанасында төртжылдықтың басты додасы саналған Олимпиада ойындары ресми ашық деп жарияланды. ҰОК сайты бүгін бақ сынайтын қазақстандық спортшылардың жарыс кестесін ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Нұр-Сұлтан мен Бейжің арасындағы сағат айырмашылығы +2 сағат.
5 ақпан күні жарыс жолына шығатын спортшылар кестесі келесідей:
Спорт түрі. Шаңғымен тұғырдан секіру. Квалификация. Орташа трамплин К-95.
Спортшылар: Сергей Ткаченко, Даниил Васильев
Басталуы: 12:20
Спорт түрі. Шаңғы жарысы. Скиатлон. Әйелдер.
Спортшылар: Валерия Тюленева, Ангелина Шурыга, Ксения Шалыгина және Надежда Степашкина.
Басталуы: 13:45
Спорт түрі. Конькимен жүгіру спорты. 3000 м. Әйелдер
Спортшы: Надежда Морозова
Басталуы: 14:30
Спорт түрі. Фристайл. Ерлер.
Спортшы: Павел Колмаков, Дмитрий Рейхард
Басталуы: 16:00
Екінші іріктеу кезеңі.
17:30 Могул. Финал.
Спорт түрі. Шорт-трек. 1000 м. Ерлер. Аралас эстафета.
Спортшылар: Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Яна Хан, Ольга Тихонова.
Басталуы:
17:38 1000 м Ерлер. Іріктеу кезеңі
18:23 Аралас эстафета. Ширек финал
18:53 Аралас эстафета. Ширек финал
19:26 Аралас эстафета. Финал