Шаңғымен тұғырдан секіру: қазақстандық екі спортшы келесі айналымға жолдама алды
Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК
Сергей Ткаченконың бүгінгі жаттығуы 43.1 ұпаймен бағаланса, Данил Васильев 46.2 ұпайына ие болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қысқы Олимпиада ойдындарында шаңғымен тұғырдан секіру спорты бойынша іріктеу сындары басталды. Аталған санат бойынша Қазақстан құрамасынан екі спортшы жарыс жолына шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҰОК сайты сілтеме жасап.
Ерлер арасында орташа трамплинде өткен додаға Сергей Ткаченко мен Данил Васильев қатысты. Қос қазақстандық атлет те келесі айналымға жолдама алды.
Сергей Ткаченконың бүгінгі жаттығуы 43.1 ұпаймен бағаланса, Данил Васильев 46.2 ұпайына ие болды.
Келесі іріктеу кезең ертең, 6 ақпан күні елорда уақытымен сағат 17:00-де басталады.
Айта кетерлігі, бүгінгі сайысқа 53 спортшы қатысты. Ережеге сәйкес, 50 спортшы келесі кезеңге өтеді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
02.10.2026 10:15
Алматының қуыршақ театры республикалық фестивальде үздік атанды
02.10.2026 10:30