Алматыда жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде цифрлық технологиялардың мүмкіндігі кеңейіп келеді

Из архива Almaty.tv
Из архива Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында заманауи автоматтандырылған және интеллектуалды бақылау жүйелері кеңінен қолданылып келеді. Цифрлық технологиялар жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын анықтап қана қоймай, алдын алу жұмыстарын күшейтуге, жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға және заң бұзушылықтарға дер кезінде ден қоюға мүмкіндік береді,- деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының мәліметінше, автоматтандырылған кешендер жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын нақты уақыт режимінде анықтап, тиісті ақпаратты әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізіліміне жолдайды. Атап айтқанда, жүйелер белгіленген жылдамдықты арттыру, бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту, жол таңбалары мен белгілерінің талаптарын бұзу, көлік құралдарын рұқсат етілмеген жерге тоқтату және қою, жаяу жүргіншілерге жол бермеу және басқа да құқық бұзушылықтарды тіркейді.

Жол қозғалысын бақылауда цифрлық технологияларды қолдану құқық бұзушылықтарды тіркеу кезінде адами факторды азайтып, бақылаудың объективтілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.