Бүгін Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиадада ойындарында биатлоннан ерлер арасындағы спринт жарысы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Биатлон ерлер арасындағы 10 шақырымдық спринт жарысында ел намысын Владислав Киреев және Александр Мухин қорғады.
Жарыс қорытындысында Александр Мухин мәре сызығын 49-шы болып кесті. Ал Владислав Киреев мәреге 77-ші болып жетті.
Нәтижесінде Мухин алдыңғы 50 спортшының қатарынан көрініп, із кесу жарысына қатысуға мүмкіндік алды.
Бұл додада мәре сызығын бірінші болып кескен Норвегия Йоханнес Бое (24:00.4 (0+1) жеңімпаз атанды. Екінші орынды франциялық биатлоншы Квентин Фийон-Мэйле (+25,5 (1) қанжығасына байлады. Үздік үштікті Норвегияның тағы бір өкілі Тарья Бе (+38,9 (1) түйіндеді.