|
18.11.2020 | 17:25
8634

Тұсаукесер! «Алматы» арнасында «Он бес» телесериалы көрерменге жол тартады

Телехикая ҚР Ақпараттық және қоғамдық даму министрлігі тапсырысымен түсірілді

Тұсаукесер! «Алматы» арнасында «Он бес» телесериалы көрерменге жол тартады Almaty.tv

Тұсаукесер! «Алматы» арнасында «Он бес» телесериалы 19 қарашадан  бастап көрерменге жол тартады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жақында «Алматы» арнасынан жаңа телесериал көрерменге жол тартады. Телехикая ҚР Ақпараттық және қоғамдық  даму министрлігі тапсырысымен түсірілді.  Отандық өнімнің мақсаты – қазіргі қоғамда жалпы адамзаттық құндылықтарды насихаттау.

«Он бес» сериалында  әр эпизод жеке оқиғадан тұрады.  Сериалдың 15 бөлімі де қазіргі қоғамдағы жалпы адамзаттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған қысқа метражды фильм.

«Тақырыптар «Алматы» телеарнасы басшылығының командасымен бірлесіп әзірленді. Тақырыптар АИТВ-ға қарсы күреске, спортқа, дәрігерлерге, құқық қорғау органдарына арналған-мұның бәрі көркем түрде баяндалады және қаламыздың айналасына үйіріліп отырады. Біз алматылықтардың тарихын бір жерге тоғыстырамыз, өткір әлеуметтік мәселелерді көтереміз», – деп атап өтті бас продюсер Ахат Ибраев.

«Бұл сериал өте қарапайым, күнделікті болып жататын өмір хикаялары жайында, бірақ сонымен бірге ол адамның жанын толқыта жеткізілген. Егер жіті қарайтын болсақ, әр адам өз алдына қызықты кейіпкер. Біз негізгі мәселе ретінде аталған адамдардың шындық өмірге барынша жақын болуын басты назарға алдық. Бұл жерде ешқандай драма жоқ, көрерменнің көз жасын көл қылуға тырыспаймыз да. Біз бар болғаны өмірдің ащы шындығы, ондағы маңызды нәрселер жөнінде жеңіл айтып шығуға тырысамыз», – деді режиссер Найзабеков.

Сюжеттер  әр түрлі жанрда ұсынылған. Жобаға 140 актер қатысады, шамамен 48-і басты кейіпкердің рөлін сомдайды. Оның ішінде KeshYou тобының бұрынғы әншісі Жұлдыз Өмірғали мен актер Шәріп Серік те бар.

19 қарашадан  бастап  «Алматы» арнасынан дүйсенбі мен бейсенбі аралығында сағат 20:40-та «Он бес» телехикаясын тамашалаңыздар! «Алматы» арнасы қосулы болсын!

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир