Елімізде үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

ЖИ көмегімен жасалған
ЖИ көмегімен жасалған

Көліктің барлық түрі үшін жабық жолдар

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, 2025 жылғы 14 желтоқсаннан бастап Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «KAZ02 Астана – Көкшетау (айналып өту жолы) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа Жол өткізу пункті)» автожолының 18-230-шақырымында (Астана қаласы – Щучинск қаласының бақылау-өткізу пункті) автокөліктің барлық түрі үшін жылдамдық шегі сағатына 80 шақырымнан 60 шақырымға дейін төмендетілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.

Көліктің барлық түрі үшін жабық жолдар

Павлодар облысы

  • «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» көлік айрығы учаскесі (Қалқаман кентіне кіреберіс және Астана бағытына шығу).

Ақмола облысы

  • «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 16-200-шақырымы (Астана қаласы – Павлодар облысының шекарасы);
  • осы автожолдың 200-254-шақырымы (Ақмола облысының шекарасы – Шідерті кенті);
  •  «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 445-595-шақырымы (Державинск қаласы – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы).

Солтүстік Қазақстан облысы

  • «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 595-671-шақырымы (Ақмола облысының шекарасы – Тоқсан би кенті).

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 16 желтоқсан күні Астанада және еліміздің 17 облысының тұрғындарына ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жасаған еді.

Оқи отырыңыз: Қолайсыз ауа райы: жолда қалған азаматтар үшін 1681 жылыту пункті дайын

 

Новости партнеров