|
12.07.2023 | 11:17
31233

Аптап ыстық күтіледі: синоптиктер ескерту жариялады

Алматыда күндіз 33-35 градусқа дейін ыстық болады

Аптап ыстық күтіледі: синоптиктер ескерту жариялады ulysmedia.kz

12 шілдеде Қазақстанның 15 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазгидромет РМК-ға сілтеме жасап.

Түркістан, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарының басым бөлігінде аптап ыстық күтіледі.

Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстанның солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, батысында, Түркістанның шөлді аймақтарында, Павлодар орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда облыстарының оңтүстігінде және Ұлытау облысында, Ақмола облысының солтүстігінде, батысында өте қатты ыстық болады.

Алматыда күндіз 33-35 градус ыстық, Астанада – 37-39 градус, Шымкентте – 37-39 градус ыстық болады деп күтіледі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир