Кей өңірлерде қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты дауылды ескертуі сақталады
Атырау облысы
10 желтоқсанда Атырау облысында шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. Атырау қ.: 10 желтоқсанда шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Абай облысы
10 желтоқсанның сағат 21.00-ге дейін Семей қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысы
10 желтоқсанның сағат 21.00-ге дейін Өскемен, Риддер қалалары бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.
Түркістан облысы
10 желтоқсанда Түркістан облысының оңтүстігінде, тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын. Шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Шымкент қ.: 10 желтоқсанда таңертең және күндіз тұман күтіледі.
Қостанай облысы
10 желтоқсанда Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Маңғыстау облысы
10 желтоқсанда күндіз Маңғыстау облысының батысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, кей уақыттарда екпіні 23 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 10 желтоқсанда күндіз кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақыттарда көктайғақ күтіледі. Шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Жамбыл облысы
Таңертең және күндіз 11 желтоқсанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, түнде 12 желтоқсанда таулы аудандарда қатты қар күтіледі. 10-12 желтоқсанда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, жаяу бұрқасын, 10 желтоқсанда көктайғақ күтіледі. 10-12 желтоқсанда солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: күндіз 11 желтоқсанда қатты қар күтіледі. 10-12 желтоқсанда тұман, 10 желтоқсанда көктайғақ күтіледі.
Оқи отырыңыз: Мұз өткелінен қалай қауіпсіз шығу керек