Мұз өткелінен қалай қауіпсіз шығу керек

Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
ШҚО құтқарушылары ережелерді қатаң сақтауды ескертті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін мұз өткеліне қалай қауіпсіз шығу керегін түсіндірді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап. 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі мұз өткелдері арқылы көлікпен жүрген кезде ондағы ақпараттық белгілердің талаптарын қатаң сақтауды, мұзға баяу, тежеусіз шығуды, көліктегі қауіпсіздік белдіктерін шешуді ескертті.

 - Мұз өткелінде тоқтауға, жылдам қозғалуға, бұрылуға, алдағы көліктерді басып озуға және көлікке жанармай құюға тыйым салынады. Мұздың көтере алатын салмағынан асатын жүктемелерге жол бермеңіз. Айнала нашар көрінген кезде (тұман немесе боран болса) мұз үстіне шықпаған дұрыс, - делінген ақпаратта.

Қауіпсіздіктің негізгі шарты - мұз қалыңдығының жүктемеге сәйкестігі, яғни, жеңіл көліктің өтуі үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы кемінде 30 см, жүк көліктері үшін кемінде 50 см болуы тиіс.

- Жарылған мұз қаншалықты қалың болса да оған шықпаңыз. Көктемде сең жүре бастаған кезде және күзде мұз берік болмағанда көлікпен оның үстінен өтуге болмайды. ҚР ІІМ су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері №34 бұйрығына сәйкес мұз өткелдерінде балық аулау және басқа мақсаттар үшін ойық жасауға, қоршалмаған және қорғалмаған жерлерден өтуге тыйым салынады, - дейді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов.

Оқи отырыңыз: Алматыға қалың қар түсті: Қорғас тас жолының бір бөлігі жабылды

Новости партнеров