Еліміздің бірқатар өңірінде дабылды ескерту жарияланды

19.11.2021 12:59

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ел аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

qazaqstan.tv

«Қазгидромет» 19 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ел аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады – қар жауады, жел күшейеді, тұман түседі, солтүстікте, шығыста, орталықта – бұрқасын, батыста – көктайғақ күтіледі. Тек оңтүстікте, солтүстік-шығыста және солтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-23 м/с күшейіп, облыстың солтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын болады.

Түнде және таңертең Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында желдің 15-20 м/с күшеді.

Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде тұман, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында бұрқасын, түнде облыстың шығысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Таңертең және күндіз Алматы облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, облыстың оңтүстігінде және шығысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігінде тұман, күндіз облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасынмен желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстік–батысында тұман, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Түнде және таңертең Атырау облысының батысы мен шығысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.