Қар аралас жаңбыр жауады: 31 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

gismeteo.kz
gismeteo.kz
Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қазгидромет» 31 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кәсіпорынның болжамына сәйкес, кең ауқымды, суық антициклон Қазақстан территориясының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастырады. Тек батыс және оңтүстік аудандарда атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты қар, оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууына ықпал етеді. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі. 

Алматы облысының солтүстігінде тұман түсіп, Алакөл маңында желдің күші 18-23 м/с-қа жетеді.

Қызыолрда облысының солтүстігінде тұман түсіп, түнде орталығында желдің секундына күші 15-20 метрге жетеді.

Жамбыл облысының солтүстігі мен таулы аудандарында тұман түсіп, желдің күші секундына 15-20 метр болады. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түсіп, түнде оңтүстігінде жел күшейеді, күші 15-20 м/с. 

Ақмола облысының оңтүстігі мен батысында, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар облыстарының оңтүстігінде, Түркістан облысының тау және таулы аймақтарында, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының солтүстік-батысында, Маңғыстау облысының орталығында, Қостанай облысының шығысында тұман түсуі ықтимал.

Новости партнеров