Қар жауып, көктайғақ болады: 22 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

massaget.kz
massaget.kz
Республика бойынша тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді, оңтүстіктің тау асуларында қатты жел соғады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қазгидромет» 22 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысқан атмосфералық фронттар республика аймағының барлық бөлігіне әсерін тигізеді. Тек солтүстік-шығыс, шығыс бөліктерде ашық ауа райы сақталады. Жауын-шашын қар, жаңбыр, солтүстік өңірлерде бұрқасын күтіледі. Республика бойынша тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді, оңтүстіктің тау асуларында қатты жел соғады. 

Түрістан облысында түнде оңтүстік пен солтүстікте – шаңды дауыл, батыс бөлігінде және таулы аудандарда қатты жел соғып, кей жерлерде 23-30 м/с жетеді. 

Ақмола, Алматы, Қостанай, облыстарында тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы15-20 м/с жетеді. 

Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының орталығы мен солтүстік-шығысында тұман, көктайғақ болады, облыстардың батысында жел 15-20 м/с жетеді. 

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында желдің 15-23 м/с жетіп, облыстардың батыс жартысында тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. 

Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының солтүстігі мен орталығында тұман түседі, облыстардың солтүстік-батысы, батысында қатты жел соғады.

Новости партнеров