Елдің батысы, солтүстігі және оңтүстігіндегі ауа райын циклон жырасы және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер анықтайтын болады. Соған байланысты жаңбыр жауады, елдің батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауу ықтимал, тек шығысында және оңтүстік-шығысында антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Батыс Қазақстан облысының батыс аумағында тұман түсуі мүмкін. Күндіз оңтүстік-батыста желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Атырау облысының басым бөлігінде жел тұрып, түнде облыстың батысында және оңтүстігінде тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түсіп, оңтүстік-шығысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында жел тұрып, шаңды дауыл соғады.
Алматы облысының Алакөл ауданында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында және таулы аудандарында желдің екпіні секундына 25 метрге жетеді.
Маңғыстау облысының батысында және солтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында, күндіз Қостанай облысының батысында, таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.