«Қазгидромет» 10 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жұма күні әлі де ауқымды антициклонның ықпалымен республикамыздың басым бөлігінде күн ашық болады. Тек батыста жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, ҚР батысында жаяу бұрқасын, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі.
Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде тұман түседі, күндіз Алакөл көлдерінің ауданында желдің 18-23 м/с күшеюі ықтимал.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және тау бөктерлі аудандарында тұман, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстік-шығысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Атырау облысының солтүстігінде, шығыс және орталығында тұман, көктайғақ, облыстың солтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Күндіз Ақтөбе облысының батысында, оңтүстік-батысында көктайғақ, облыстың оңтүстік-батысында және орталығында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында жел тұрады, жылдамдығы - 15-20 м/с.
Қызылорда облысының орталығында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстігінде және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының шығысында, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі.