Қар жауып, боран соғады: 28 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Республиканың кей жерлерінде тұман, еліміздің оңтүстік-шығысында, солтүстігінде, батысында көктайғақ болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қазгидромет» 28 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстанның басым бөлігінде Солтүстік-Батыс циклон жырасының өтуімен қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Тек Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, еліміздің оңтүстік-шығысында, солтүстігінде, батысында көктайғақ күтіледі. 

Қостанай облысында жел 15-20 м/с күшейеді, облыстың орталығында, оңтүстігінде жаяу бұрқасынмен соғады, облыстың солтүстігінде тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с жел жаяу бұрқасынмен болады, көктайғақ, облыстың оңтүстік-батысында тұман болады. 

Алматы облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ, Алакөл көлдері ауданында желдің жылдамдығы 18-23 м/с жетеді. 

Ақмола облысында жаяу бұрқасын соғады, солтүстік – батысында, оңтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. 

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі, облыстың батысында жел 18 м/с күшейеді. 

Қарағанды облысының шығысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Қызылорда облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының орталығында, Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Түркістан облысының таулы аумағы мен тау бөктерінде, Жамбыл облысының солтүстігі мен таулы, тау бөктерінде тұман күтіледі. 

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Новости партнеров