«Қазгидромет» 9 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кәсіпорынның болжамына қарағанда, атмосфералық франталды бөліктердің өтуіне байланысты, Қазақстан аумағының басым бөлігіне қар жауады, тек республиканың оңтүстік-батысында күн жауын-шашынсыз. Кей жерлерде көктайғақ болып, тұман түседі. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында жел күшейеді.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, батысында жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түсіп, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-батысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Жамбыл облысының солтүстік–шығысында және таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады.
Түнде Қостанай облысының шығысында жаяу бұрқасын, облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, түнде облыстың шығысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, батысында жаяу бұрқасын болып, облыстың оңтүстік-шығысында тұман түседі.
Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында жел секундына 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында тұман түсуі ықтимал.