Алматыда қар тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр

пресс-служба Управления развития коммунальной инфраструктуры Алматы
пресс-служба Управления развития коммунальной инфраструктуры Алматы
Қалада 15 см қар жауды, таулы жерлерде - 20-25 см
Жаңалықтармен бөлісіңіз

10 қаңтар сағат 23:00-ден 11 қаңтар сағат 06:00-ге дейін коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қызметкерлер арнайы техниканың көмегімен жолдарды көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеді. Осы уақытта қала бойынша қар тазалаушы машиналардың 18 колоннасы қозғалды. Нәтижесінде 1260 текше метр қар шығарылды.

Қазіргі уақытта қоғамдық орындарды, тротуарларды, жаяу жүргіншілер жолдарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, жер үсті және жерасты өткелдерін тазарту жұмыстары жалғасуда.

Түнде қала көшелерінде барлығы 360 адам және 460 бірлік арнайы техника, оның ішінде 204 сыпыру-жинау машиналары жұмыс істеді.

Қар толассыз жаууда. Қалада 15 см қар жауды, таулы жерлерде - 20-25 см.

Дереккөз: Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы

Новости партнеров