Жаңбыр жауып, жел тұрады: 27 шілдеге арналған ауа райы болжамы

ашық дереккөзден
ашық дереккөзден
Күндіз Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде өте қатты ыстық болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазгидромет 27 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv

Бүгін ҚР батыс, солтүстік-батыс, солтүстік жартысында оңтүстік циклонның ықпалынан жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, сондай-ақ бұршақ жауып, солтүстік-батыста дауыл тұрады, оңтүстік-батыста түнде және таңертең тұман түседі. 

Республика бойынша жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Қазақстанның оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары қысымды алқапта күн жауын-шашынсыз болады. 

Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстік пен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Күндіз Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Ұлытау, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау, Абай облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болады. 

Күндіз Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде өте қатты ыстық болады.

Новости партнеров