Қазақстан аймағының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі
4 тамызда Ұлытау облысының орталығында және оңтүстігінде найзағай ойнайды. Шығыс желінің екпіні найзағай кезінде 15-20 м/с болады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Қарағанды облысының орталығында, оңтүстігінде және шығысында да найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыс, шығыс желі найзағай кезінде 18-23 м/с жылдамдықпен соғады.
4-6 тамызда Іле Алатауының кей жерлерінде найзағай болады. Оңтүстік-батыс желінің екпіні - 17-22 м/с. Жетысу Алатауында күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыс желі 15-20 м/с дейін соғады. Қырғыз Алатауында кей уақытта қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл соғады. Батыс, оңтүстік-батыс желінің екпіні - 15-20 м/с. Талас Алатауында да кей уақытта найзағай ойнап, дауыл соғады. Жел батыс бағыттан 15-20 м/с дейін барады. Батыс Алтайда күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды, Тарбағатайда 5-6 тамызда найзағай ойнайды. Шығыс желі, күндіз кей жерлерде - 15-20 м/с.
4 тамызда Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Батыс Қазақстан облысында 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Ақмола облысының оңтүстік жартысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, найзағай түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні - 15-20 м/с.
Бүгін күндіз Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі.
Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде - 15-20 м/с.
4 тамызда Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, дауыл соғады. Жел солтүстіктен, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Тәулік бойы облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыс, оңтүстік-батыстан жел соғады.