|
19.01.2024 | 08:39
372

Жел, тұман, көктайғақ: 19 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Кей өңірлерде қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ескерту сақталады

Жел, тұман, көктайғақ: 19 қаңтарға арналған ауа райы болжамы elements.envato.com

Абай облысы

19 қаңтарда Абай облысының батысында, орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, 15-20, екпіні 23 м/с.

Жетісу облысы

19 қаңтарда түнде және таңертең Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман. Шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысы

19 қаңтарда Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Қызылорда қ.: 19 қаңтарда кей уақытта тұман күтіледі.

Атырау облысы

19 қаңтарда Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында тұман сақталады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде 15-20 м/с. Атырау қ.: 19 қаңтарда түнде тұман сақталады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Қостанай облысы

19 қаңтарда түнде Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

19 қаңтарда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 19 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

Маңғыстау облысы

19 қаңтарда түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, облыстың батысында кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 19 қаңтарда түнде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

Түркістан облысы

19 қаңтарда таңертең және күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз облыстың тау асуларында 15-20 м/с. Шымкент қ.: 19 қаңтарда таңертең және күндіз көктайғақ күтіледі. Кей уақытта тұман. Түркістан қ.: 19 қаңтарда кей уақытта тұман күтіледі.

Ақтөбе облысы

19 қаңтарда Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысы

18 қаңтардың сағат 21.00-ден 19 қаңтардың сағат 21.00-ге дейін Өскемен, Риддер қалалары бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.

Абай облысы

19 қаңтардың сағат 21.00-ге дейін Семей қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.

Жамбыл облысы

19 қаңтарда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. 19 қаңтарда облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. 19 қаңтарда солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 19 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі. 19 қаңтарда күндіз көктайғақ күтіледі.

Оқи отырыңыз: Алматы қаласы бойынша 22-28 қаңтар аралығындағы ауа райы болжамы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир