|
24.04.2023 | 09:49
3958

Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетеді

Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды dknews.kz

Қазақстанның бірқатар облысында 24 сәуірде ауа райы құбылмалы болады, дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Ақмола облысы

24 сәуірде түнде және таңертең Ақмола облысының батысында найзағай, тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Көкшетау қ.: 24 сәуірде жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысы

24 сәуірде күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі.

Астана

Астана қ.: 24 сәуірде жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

24 сәуірде түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, шығысында тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

24 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында шаңды дауыл. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с. 

Петропавл қ.: 24 сәуірде солтүстік-батыстан жел соғады түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, екпіні 23 м/с.

Атырау облысы

24 сәуірде түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. 

Атырау қ.: 24 сәуірде оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Қостанай облысы

24 сәуірде түнде Қостанай облысының шығысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысы

24 сәуірде күндіз Павлодар облысының шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Павлодар қ.: 24 сәуірде күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Абай облысы

24 сәуірде Абай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында жел оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. 

Семей қ.: 24 сәуірде оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Шығыс Қазақстан облысы

24 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, орталығында жел оңтүстік-щығыстан солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. 

Өскемен қ.: 24 сәуірде оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Түркістан облысы

24 сәуірде Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир