СҚО-да 42 елдімекенді су басу қаупі бар

kazgazeta.kz
kazgazeta.kz
Бұл туралы СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Синоптиктер Солтүстік Қазақстан облысында наурыздың үшінші онкүндігінде күн жылынып, қар қарқынды ери бастайтынын болжауда. Өңірде 42 елдімекенді су басуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл Есіл өзені бассейніндегі су қоры жылдағыдан 69%-ға жоғары. Кей көлде су мөлшері азайғанымен, күзде топырақтың 12%-ы ылғал жинауы, жер қабатының орта есеппен 54 сантиметр дейін қатуы өткен жылғы көрсеткіштен жоғары. Бұл еріген қар суының жолында орналасқан 1,5 мыңға жуық тұрғыны бар 42 елдімекен үшін қауіп төндіреді.

«Облыс бойынша жалпы 6 мыңнан астам тұрғыны бар 85 елдімекен есепке алынған. Оның 30-ы өзен деңгейінің көтерілуінен, 13-і көлдер суының тасуынан, 42-сі еріген қар суынан зардап шегуі мүмкін. Су тасқыны бола қалған жағдайда жылдам әрекет ету үшін күш құрылымдарынан ғана 500-ге жуық адам, 135 техника әзірленді», – дейді СҚО ТЖД-нің бастығы Рамиль Камалов.

Төтенше жағдайдың алдын алу үшін қазіргі уақытта елдімекендерден қар шығарылып жатыр, осы күнге дейін 500 мың текше метрге дейін ақ ұлпа полигонға жеткізілді.

Су жолы, су өткізгіш құбырлар тазартылып жатыр.

Ауыр инженерлік техника – экскаватор мен бульдозерлерді жалға алу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Жалпы 50 шақты экскаватор, шамамен сонша сыратын техниканы уақытша пайдалануға келісім жасалмақшы.

Новости партнеров