Көктайғақ, жаяу бұрқасын: бүгінгі ауа райы

03.11.2022 13:42

Республика бойынша тұман, екпінді жел болжанады

kaz.elorda.info

3 қарашада атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен Қазақстанның барлық аумағында құбылмалы күн райы сақталып, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республика бойынша тұман, екпінді жел болжанады. Елдің батысы мен солтүстігінде жаяу бұрқасын, солтүстігінде, батысы мен орталығында көктайғақ күтіледі.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында қатты жаңбыр жауады.