Алдағы екі күнде еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы +46°С-қа дейін ысиды
«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес маусымда Қазақстанның басым аймағында ылғалдану жағдайы көбінесе нормаға жуық болады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сонымен қатар солтүстік-батыстың жеке аудандарында, елдің оңтүстігінде, сондай-ақ солтүстікте және орталықта құрғақшылық болуы мүмкін.
Бірқалыпты құрғақшылық:
Ақтөбе облысының Әйтеке би, Ырғыз және Хромтау аудандарында;
Қостанай облысының Амангелді және Жангелдин аудандарында;
Қызылорда облысы Қармақшы ауданында;
сондай-ақ Ақмола облысының Жақсы ауданында және Қарағанды облысының Шет ауданында болуы ықтимал.