Қазгидромет 9 маусымға арнаған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазақстанның басым бөлігі циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Соған байланысты ауа райының құбылмалы сипаты күтіледі: найзағай, бұршақ, дауыл, жаңбыр. Еліміздің тек шығысында жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік-батыста, оңтүстікте, солтүстікте шаңды дауыл көтеріледі.
Қостанай облысының солтүстік-батысында, батысында найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз батыста, солтүстікте жел 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні 23 м/с артады. Түнде облыстың шығысында найзағай болады.
Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Өңірдің оңтүстігінде, батысында, шығысында 15-20 м/с екпінмен жел соғады. Күндіз өңірдің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады.
Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында күн күркірейді, күндіз солтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрып, 15-20 м/с күшпен жел соғады.
Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, таулы аудандарда жел 15-20 м/с артады.
Түнде және таңертең Қызылорда облысында желдің күші 15-20 м/с артады.
Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай күтіледі, орталығында, батысында, солтүстік-шығысында желдің күші 16 м/с құрайды.
Күндіз Атырау облысының басым бөлігінде шаңды дауыл тұрып, 15-20 м/с екпінде жел тұрады.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Павлодар облысының батысы мен солтүстігінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, дауыл тұрады. Таңертең және күндіз солтүстікте, батыста және облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады.
Сондай-ақ күндіз Алматы мен Жамбыл облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.
Бұдан бөлек, Қызылорда облысының орталығында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Алматы облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.