Алматыда су тасқынының алдын алу шаралары жүргізілді

Алматы әкімдігі / пресс-служба акимата Алматы
Алматы әкімдігі / пресс-служба акимата Алматы
ТЖ бойынша жедел кезекшінің ақпараты бойынша су тасқыны тіркелген жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

23-24 қазандағы жауын-шашын кезінде Алматыда су тасқыны тіркелген жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv.

23 қазанда Алматы қаласында - 11 мм, әуежай аумағында - 18 мм, Каменск үстіртінде 15 мм жауын-шашын жауды.

Судың кедергісіз ағып кетуін қамтамасыз ету, түнгі уақытта су басудың алдын алу және жою мақсатында 115 жұмысшы, 114 бірлік арнайы техника, 23 мотопомпа жұмылдырылды.

ТЖ бойынша жедел кезекшінің ақпараты бойынша су тасқыны тіркелген жоқ.

24 қазанда сағат 8:00-ден бастап 39 кезекші бригаданың жауын-шашыннан кейін бітелген арықтарды тазартуға шықты.

746 жұмысшысы, 163 бірлік арнайы техника, 23 мотопомпа жұмылдырылды.

Аудан әкімдіктерінде тәулік бойы бақылау жүргізіледі.

«Қазгидромет» РМК болжауынша, бүгін түстен кейін Алматыда жауын-шашынсыз, ауа температурасы +14… +16 градус болады.

Новости партнеров