|
20.07.2020 | 08:57
1462

20 шілдеде ел аумағының басым бөлігінде аптап ыстық сақталады

Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Түркістан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Алматы облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады

20 шілдеде ел аумағының басым бөлігінде аптап ыстық сақталады  Көрнекі сурет

20 шілдеде ел аумағының басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауады, тек оңтүстік пен батыста күн ашық болады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қостанай, күндіз Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күн күркірейді, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Алматы, Ақтөбе, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күн күркірейді, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 

Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, күндіз кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23 м/с. 

Павлодар облысының күндіз солтүстігінде найзағай күтіледі, жел 18 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, күндіз кей жерлерінде күн күркіреп, дауыл тұруы мүмкін. Түркістан облысының күндіз кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 

Күндіз Ақмола, Қостанай, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау облысында аптап ыстық жалғасады. 

Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Түркістан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Алматы облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир