Елімізде ауа райы қалай өзгереді

klike.net
klike.net
Солтүстік және шығыс аймақтарда түнгі уақытта 2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алдағы демалыс күндері елімізде тұрақсыз ауа райы болуы ықтимал. Синоптиктер сенбіде республиканың басым бөлігінде жауын-шашын жауады деп болжап отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ал күндіз солтүстік-батыс пен солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін. Артынша жел күшейіп, оңтүстік-батыста тұман түсетінін хабарлады. Оңтүстікте демалыс күндері шаңды дауыл болады. Шымкентте де найзағай ойнап, жел күшеймек. Осыған байланысты мегаполисте дауылды ескерту жарияланып отыр.

– Мамандар Қазақстан бойынша ауа температурасының ауытқитынын айтады. 14-15 мамырда елдің солтүстік жартысында, түнгі уақытта 3 градус үсік жүреді. 13 мамырда солтүстікте, 14 мамырда оңтүстік аймақтарда, 14-15 мамырда оңтүстік-батыста жауын-шашын жауады. 15 мамырда түнде республиканың шығысында жаңбыр аралас қар түседі, – деді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Смағұлова.

Солтүстік және шығыс аймақтарда түнгі уақытта 2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. 

Новости партнеров